Америкалық басылымға сұхбат берген Иманбек
Америкалық басылымға сұхбат берген Иманбек
104
оқылды
Иманбек америкалық БАҚ тілшісіне танымал әнді тыңдаған сәттегі сезімі мен ремиксті қалай жасағаны туралы әңгімелеп берді. «Бұл тректе бір сиқыр бар сияқты. Темп пен дауыс тембрінің үйлесімі бар формуладан құрылғандай», – дейді орындаушы. Roses-тің ремиксі алдымен Ре­сейде танылды. Артынша Фран­ция, Германия тұрғындарын тәнті етіп, АҚШ-қа жеткен. 20 жасар Иманбек Ақсу қаласынан. Оқып жүріп, теміржолда қызмет еткен. Музыканы бастапқыда хобби ретінде ғана көрген. Бір қызығы, оның еш музыкалық білімі жоқ, табиғи дарын иесі. Әндердің ремикс нұсқасын Иманбек FL Studio бағдарламасы арқылы жасайды. Оны да видео­сабақтар арқылы үйреніпті. Ең­бекқор жігіттің әні Apple Music-тің үздік ондығына кірді. Онымен қоса Shazam қосымшасында 6,5 млн рет ізделіп, Spotify-да төрт миллион рет тыңдалыпты. Ремикстің ори­гиналын орындаушы Saint Jhn өзінің YouTube желісіндегі каналына бейнебаян салған бола­тын. Ондағы қаралым саны – 82 млн. Наурыз айында трек UK Singles Chart-те бірінші орын алды. Сөйтіп, Ұлыбританиядағы ең таны­мал синглге айналды. Сонымен бірге Иманбектің ремиксі The Weeknd, Dua Lipa, Billie Eillish, Roddy Ricch және Justin Bieber сынды белгілі әншілерді басып озғанын айта кету керек. Қанша уақыт өтсе де, Shazam мен «Yandex. Музыка» чаттарындағы көштің басын бермей келеді. Иманбек сұхбатында ремикс жазуды тоқтат­пайтынын, танымал әндерді «аң­дып» жүргенін айтты.  

Айым БЕКТҰР, Анар ҚОНЫС