Тәрбие сағаты қайта жаңармақ
Тәрбие сағаты қайта жаңармақ
209
оқылды
«Қоғамдық резонанс тудырып, ел ішінде үлкен мәселеге айналған дүниені неден басталғаны, оған не себеп болғанын оқушыларға түсіндіру керек. Мәселен, Көбейтұз көлінің ластануы, не болмаса Каспий теңізіндегі итбалықтардың ұрылуы. Осындай оқиғалардан туындаған қоғамдық наразылық экологиялық сауаттылықтың жет­пейтінін көрсетті. Әрине, бұл про­цеске әртүрлі институттардың қатысуы түсінікті. Алайда  бұл жерде   білім беру ұйымдарының рөлі өте зор. Біз балаларымызға жастайынан табиғатты қорғауға, оны­мен үйлесімділікте өмір сүруге, әрбір табиғи ресурсты тиімді пайдалануға үйрету – маңызды дү­ние», – деп жазған министр Facebook парақшасында. Министрдің айтуынша, тәр­бие сағаттарында экологиялық тақырыптарды қозғай отырып, мектептерге эко-білім беруді ен­гізудің алғашқы қадамы.  Ондай сабақтардан қандай да бір нәтиже шығу үшін балалармен ғана емес, ата-аналармен де жұмыс істеу ке­рек. «Экологиялық білім тек ба­ла­лар да емес, олардың ата-ана­ларында да болуы тиіс. Балалар ата-анасынан көргенін істейді. Сондықтан ата-аналар балаларына үлгі болуы керек. Сол үшін де олар қоршаған ортаға ұқыпты қарай тү­седі», – деді Аймағамбетов. Алдағы уақытта мектептерде сабақтан тыс уақытта байқаулар, квесттар, экотематика пәнінен ше­берлік сыныптары өтеді.  

Айым БЕКТҰР