Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Дәрі үшін жұмыстан бәрі кетті

Күллі Қазақстанды дәрімен қам­тамасыз етіп, дәнекер болуы тиіс «СҚ-Фармацияның» ба­­­сына бұлт үйірілді. Үйірілді де­генде қалай, арылмай келеді. Олай дейтін себебіміз – құрыл­ған­нан бері былықтан көз аш­па­ды. Төрағалары монополияны май­лы жілік көріп, қаражатына ауыз салғанын 11 жыл ішінде та­лай көрдік. Сын сәт – пан­де­мияда жұмыста шикілік көп шық­­­ты. Сонда компания мойын­ға алған міндетін, алға қойған мақ­сатын орындай алмай отыр­ғаны ма?

«Айқын» ақпарат
Тамыз 19, 2020
Саясат, Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
CK Farmazia
84
қаралым

 

Бағына жөнді басшы бұйырмаған ба?

Әу баста, осыдан 11 жыл бұрын «СҚ-Фармация» құрылып жатқан кез­де мақсат таудай болған. Жағдай бы­лай: бүтін бір ел үшін бір мекеме дә­ріні өндірушіден тікелей көтер­ме­леп сатып алады. Тиісінше, бюджет қаражаты үнемделуі тиіс еді. Былай қарасаңыз, жап-жақсы дәнекер бо­латын реті. Бірақ осы уақыт ішінде шу­дың ортасында, сынның астында жиі қалып жүр. Ең алғашқы жанжал 2010 жылы болды. Шымкентте дәрі­гер­лер қан құйған кезде 150 балаға ВИЧ жұқтырып алады. Содан сол кез­дегі Президент – Елбасы аман қал­ған балаларға бұдан былай қым­бат дәріні мемлекет есебінен өмір бақи беріп тұруды тапсырған. Бірақ бас директор Вадим Зверьков үнем­дей­мін деп арзан баламасын са­тып ала­ды. Сөйтіп, қызметтен ке­теді.

Бүгінгі зейнетақы күнкөріске жете ме?

Nur Otan дәрі бағаларына үнемі мониторинг жасап отырады

Дәрі бағасын негізсіз көтергендер жазаланды

Орнына 2012 жылы Сыздық Баймұханов келеді. Ол арзан бала­маны диабетпен ауыратын­дарға ұсынған. Онымен қоймай, кінәні өзінен емес, науқастардан іздегені бар. 2013 жылы басшы болып келген – Бейсен Назарбек. Оның қызметіне қатысты шудың себебі – шетелден негізгі бағасы­нан бірнеше есе қымбат дәрі ал­дырғаны. Мысал үшін айтсақ, бізде гепатитпен ауыр­ғандарды емдеуге 14 880 доллар кетсе, Гру­зияда 3 120 доллар кетеді екен. Бұдан бөлек, мысал аз емес. Одан кейін төраға болып Нұржан Әлі­­баев тағайындалды. «Дәрі тап­шы­лы­ғын тудырмаудың ама­лын қыл» деген тапсырманы орындамаған оны және тағы төрт қызметкерді сала министрі жұмыстан шығар­ған. Айтпақшы, «фармация­дағы­ларды қуып шық» деп Назар­баев­тың өзі тапсырған болатын. Сол кездегі министр Біртанов Пре­зи­дент тапсырмасын бұл­жытпай орындағаны туралы есеп берген.

2017 жылы Максим Касаткин басшылыққа келді. Ол «1,8 млрд жымқырды» деген айыппен тұт­қын­далды. Бірақ істің қалай жал­ғас­қаны туралы нақты ақпарат тап­падық. Касаткиннің міндетін атқарушы болып орынбасары Бе­рік Шәріп қызметке кірісті. Биыл сәуірде ғана ресми түрде төраға боп тағайындалған ол да әріп­тесте­рінің тағдырын қайталады. Экс-басқар­ма төрағасының 2 айға қамалғаны туралы ақпарат 14 та­мыз күні шықты. «Нұр-Сұл­тан қаласының мамандан­дырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Берік Шәріпке қа­тыс­ты 2 ай мер­зімге тұтқынға алу түріндегі бұл­тарт­пау шарасына санкция бер­ді», – деді елордалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Бая­но­ва. Бұған дейін Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңыз­­ды істер жөніндегі тергеу­шісі Данияр Биғайдаров «СҚ-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция депар­та­ментінің уақыт­ша тергеу изоля­торына қамалға­нын айтқан еді. Экс-шенді ТЖ кезінде медици­налық өнімдерді сатып алуда қызметін асыра пай­даланған де­ген күдікке ілінген. Айыбы бойын­­­­ша соңғы шешімді енді сот шығарады. Әзірге бізге белгілісі осы ғана. Өзге ақпарат тергеу амал­дарына бай­ланысты құпия сақта­лады екен.

Берік Шәріпті қызметінен Пре­­зидент босатты десе болады. Өйткені 10 шілде күні Қ.Тоқаев оның жұмысын сынға алған. Сол күні-ақ өз еркімен кетуге шешім қабыл­даған еді. Төрағалық қыз­метке ресми түрде биылғы сәуір­ден бастап кіріскен. Бірақ 2018 жылдан бері төрағаның міндетін атқарып келген. Неліктен жұмысы сыналды десеңіз, маусымда қазақ­стандықтар дәрі таппай тентіреп кеткенде мәселеге көз жұмып, тіп­ті мұндай проблеманың жоқ екенін, бәрін бақылауда ұстап отырғанын айтып дес бермеген. Ал қазіргі басшы – Ерхат Есқа­лиев. Сын сәтте басшылыққа та­ғайын­далған шенді коронави­рустың екінші толқынына жақсы­лап дайындалып жатқанын айтып отыр.

 

dari-darmek

 

Компанияны тарататын кез келді ме?

Айтқандай, коронавирустың жаңа толқынына дайындық ре­тін­де компания қажет дәрілерді ал­дыруды бастап кеткен. Бірақ се­нім­нен шығуға қалған «Фарма­цияға» халық сенбейтін сыңайлы. Сондықтан өздері-ақ керек дәріні бар кезде үйіне толтырып алып жатыр. Е.Есқалиевтің айтуынша, дәрі тапшы­лығын болдырмау үшін кешенді шаралар қолға алынып, компанияға ло­гистика модер­низа­цияланған. Әр ай­маққа жеке мониторинг жүргі­зіліп оты­рады деседі. Жаңа бас­шының сөзі жақсы, ісі енді көрінеді.

Осыған ұқсас пікірді «Аман-саулық» қо­ғамның қорының пре­зиденті Бақыт Түменова айтып отыр. Яғни, күзге дайындықты алда көрерміз деген ол, компа­нияны таратып жіберетін кез бая­ғыда болған.

– «СҚ-Фармация» жұмысына көңілім толмайтынын біраз жерде айтқан­мын. Тіпті, 11 жыл бұрын құрыл­ған кезінде қарсы шық­қандардың бірі болдым. Өйткені құрыл­ғанда­ғы мақсаты орын­далып жатқан жоқ. Алғашқы 5 жыл­да елге қажет дәрілердің 70 пайы­­зын өзіміз шығаратын болуымыз керек бол­ған. Бірақ бүгінде дәріден түскен қаражаттың 90 пайызы сыртқа кетіп жатыр. Одан бөлек, дәрілер жылдан-жыл­ға қолже­тімсіз болып барады. Тек осы панде­мия кезінде бұрын­ғыдан көбірек көңіл бөліне бас­тады, – дейді.

 

Дәрі табу – мұң

Редакциямызға анасының жағ­дайын айтып, оқырманымыз хабарласты. 2001 жылы ана­сына ота жасатыпты. Отадан кейін ұйқысы бұзылып, қан қысымы көтеріліп, маза­сызданатын халге жеткен. Со­дан дәрігер «Нозепам» дәрі­сін жа­зып берген. Басында рецеп­ті­мен алып жүрген. Бірақ соңғы 3 жылда Аты­рау­дан та­был­маған.  Сұрас­тыра келе, оның Қазақ­стан­да тіркелмегенін біледі.  Яғни, «СҚ-Фармация» та­­ра­­пынан тап­сырыс берілмеген. Жалпы, бұл дәріге тәуелді  осын­дай қанша адам бар.  Оның сұраныс мөлшері нақты  белгісіз. Соның кесірінен жағдай ушығып отыр.

«Интер­неттен іздесек, Алма­ты жақтан табы­лады. Бірақ ол жерден алуға біздің жақтың ре­цеп­тісі жүрмейді екен», – дейді аты­рау­лық тұрғын Мастура Жұма­бек­қызы. Ха­лықара­­лық фар­ма­цевтикалық өн­діру­шілер қауым­­­­­­дастығының пре­зиденті Вячеслав Локшин мұн­дай жағ­дайдың екі себебі бо­луы мүмкін екенін ай­тады. «Бірін­шісі, дәрі нарықтан шығып, тір­кеуі аяқ­талуы мүмкін. Сондық­тан өнді­рушілердің олар­ды шы­ғаруға қызығушылығы бол­майды. Он­дайда баламасын алу қажет бола­ды. Екінші себеп, «СҚ-Фар­ма­ция» ұсынған бағаға қызықпа­ған болуы мүмкін».

 

 

Түйін:

Фармацевтикада reimbursement жүйесі бар. Яғни, дәріха­наларға дәрі жан-жақтан түсе бе­­ре­ді. Бас­тысы – белгілі бір баға­дан қым­бат­татуға болмайды. Мін­дет­ті ме­ди­­циналық сақ­тандыру қоры есе­бінен төленетін рецептісі бар кез келген нау­қас дәріні қиын­дықсыз ала бе­реді. Бәлкім, осын­дай бәсеке қа­жет болар. Сон­да «Фармация» жұ­­мысы жанданып, бойына қан бітер. Әйтпесе, өрке­ниет­ті өзге ел­дермен тере­зені теңес­тіру қиын болып барады.  

 

Жадыра АҚҚАЙЫР

 

 

 
Тегтер: дәрідәріні өндірушіСҚ-Фармация
Алдыңғы жаңалық

Елордалық партия мүшелері праймериз өткізуге дайын – Алтай Көлгінов

Келесі жаңалық

Үш мыңнан астам ұсыныс сараланды – Елнұр Бейсенбаев

Ұқсас жаңалықтар

қар барысы, арыстан, туризм академиясы, Қайрат Зәкіриянов
Жаңалықтар

«Арыстанды Африкада өзім ауладым» – Академия президенті Зәкіриянов даулы фотоға қатысты пікір білдірді

Қаңтар 21, 2021
пневмония, ауру, науқас, адам өлімі
Жаңалықтар

Пневмониядан екі адам қайтыс болды

Қаңтар 21, 2021
Алматы облысы, облыстық сот, карантин
Жаңалықтар

Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Қаңтар 21, 2021
АҚШ, кедей, тамақ, бала, Қазақстан
Жаңалықтар

АҚШ-та 8 миллион адам тақыр кедей болды

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Арыстанды Африкада өзім ауладым» – Академия президенті Зәкіриянов даулы фотоға қатысты пікір білдірді

Қаңтар 21, 09:44

Пневмониядан екі адам қайтыс болды

Қаңтар 21, 09:18

Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Қаңтар 21, 08:43

АҚШ-та 8 миллион адам тақыр кедей болды

Қаңтар 21, 08:29

Коронавирусқа шалдыққандар саны тағы да көбейді

Қаңтар 21, 08:10

Полицей қағып кеткен әйел сол жерде қайтыс болды

Қаңтар 21, 07:29

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қаңтар 21, 07:06
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

қар барысы, арыстан, туризм академиясы, Қайрат Зәкіриянов

«Арыстанды Африкада өзім ауладым» – Академия президенті Зәкіриянов даулы фотоға қатысты пікір білдірді

Қаңтар 21, 2021
пневмония, ауру, науқас, адам өлімі

Пневмониядан екі адам қайтыс болды

Қаңтар 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»