Қазақстанда тұман, көктайғақ және жел күтіледі. 25 қаңтардағы ауа райы туралы Қазгидромет хабарлады. Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, республика бойынша көбіне қар жауып, оңтүстікте кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғып, жел күшейеді. Жамбыл облысында 15-20 секундына метр жылдамдықпен жел күтілуде. Түнде желдің екпіні секундына 23-28 метр, облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метр және одан да көп, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, секундына 25 метрге дейін жел соғады. ШҚО, СҚО және БҚО-да тұман түсіп, боран соғады, кей жерлерде көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жел соғады, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 16-21 метр, Жалаңашкөл ауданында секундына 24-29 метр болады. Синоптиктер Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады және секундына 20 метрге дейін жел соғады деп болжауда. Қостанай облысында тұман түсіп, жел соғады. Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында көктайғақ, күндіз боран соғады,секундына 15-20 метр жел соғады. Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.