Жаңбыр жауады, тек оңтүстік пен батыста ауа райы көбінесе жауын шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды облысында түнде жел кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, Ақмола облысында екпіні 23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең Ақтөбе облысында тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 16 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстіқ-батыста, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.