Туған қызына зорлық көрсеткен педофил сотталды
Туған қызына зорлық көрсеткен педофил сотталды
Фото: Интернеттен алынды
150
оқылды
Телеарнаның хабарлауынша, ең сорақасы сотталушы кәмелет жасына толмаған туған  қызына азғындық жасаған. Мұны жария еткен соң, әйелін де зорлаған. Бұл туралы өңірдің Полиция департаменті хабарлады. Жаға ұстатарлық жайт аймақта былтыр күзде болған. Әйелі күйеуінің азғындығын біліп, аудандық полиция бөліміне арызданыпты. Құзырлы мамандар Қылмыстық кодекстің 121-бабы, яғни «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Күдікті жасаған қылмысын мойындап, қамауға алынды. Алайда келесі күні арызданушы жиі ішімдік ішкен күйеуін жазаламақ болғанын айтып, райынан қайтқанын хабарлаған. Бірақ мамандар қылмыстың болғанын дәлелдеп, іс сотқа жетті.
Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов: «Әрине, тергеу барысында біз аймақтың менталитетін, туыстарының ықпалын ескердік. Соған қарамастан сотқа дейінгі тергеуді жалғастыра бердік. Бізге дәлелдерді әрбір бөлшектерден жинап, сараптама тағайындауға және кәсіби мамандарды да тартуға тура келді. Бұл үшін бірнеше ай қажет болды. Нәтижесінде, облыстағы Әділет министрлігінің сот-медициналық сараптама институтының мамандары әйел мен кәмелет жасқа толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттер шын мәнінде орын алғанын растады», – деді.