Бруцеллезден 700-ге жуық мал қырылды

Бруцеллезден 700-ге жуық мал қырылды

Осы күнге дейін 647 ірі қара мал, 19 қойдан ауру белгілері табылып, санитарлы сойылымға жіберілген.

Бүгінде 284 мыңнан астам ірі қара мал, 640 бас жылқы, 32 мыңнан астам шошқа және 319 мыңнан астам қой-ешкі бруцеллезге зерттелді. Оның 647 ірі қара малдан, 19 қойдан ауру белгілері  табылып, санитарлы сойылымға жіберілген. 52 сиырдан туберкулез анықталған. Бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан Облысы ветеринария басқармасының ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Қайырлы Қазанов хабарлады.


Оның айтуынша, қазір Солтүстік Қазақстан облысында төрт түлікке күзгі вакцина егу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Негізі мал дәрігерлері вакцинацияны жылына екі рет жүргізеді. Біріншісі көктемде – түлік жайылымға шығарда, ал екіншісі күн суытып, қораға кіргізер алдында. Өңірде бүгінгі күні бұл жұмыстар 65% атқарылған