Апатқа ұшыраған полиция көлігінің видеосы жарияланды
Апатқа ұшыраған полиция көлігінің видеосы жарияланды
Фото: lada.kz
116
оқылды
Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 18 тамызда сағат 16.00-де болған. Mercedes-Benz, Hyundai Solaris пен қызметтік полиция көлігі жол апатына ұшыраған. Жол апатына Mercedes-Benz жүргізушісі кінәлі. Ол белгілі бір қашықты сақтамай, Hyundai Solaris жүргізушісімен соқтығысып қалған. Салдарынан Hyundai Solaris қарсы жолаққа шығып кетіп, полиция көлігімен соқтығысқан.   https://youtu.be/jN3fkiJBXlU Көліктердің соқтығысқан сәті патрульдік көліктің видеотіркеу құрылғысына түсіп қалған.
«Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы») хаттама толтырылды», – деді полицейлер.