Джек Ма отставкаға кетті

Джек Ма отставкаға кетті

Қытайлық ең бай кәсіпкер Джек Ма отставкаға кетті, - деп хабарлайды Time.

Қытайлық ең бай кәсіпкер, Alibaba компаниясының құрылтайшысы Джек Ма бір жыл бұрын басшылықтан алшақтайтынын айтқан еді. Енді міне ресми түрде директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Оның орнына компанияның бас директоры болып Дэниэл Чан тағайындалды. 


Бұған дейін, Alibaba Group компаниясының негізін салушы миллиардер Джек Ма #Abai175 челленджіне қатысқан. Ол ұлы Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін қытай тілінде оқып, эстафетаны спортшы Геннадий Головкинге жолдаған болатын.