Хабарландыру-19.08.2020

Хабарландыру-19.08.2020

Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, №29 мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62. Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 23-бабының F-тармағы  негізінде  Университеттің жатақханаларын жөндеуге қажетті тауарларды сатып алу. Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: тараптар келісімшартқа қол қойған күннен бастап әлеуетті өнім беруші тауарларды 15 күнтізбелік күн ішінде жеткізуге тиісті. Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10-бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз: 1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы; 2. Сатып алу нысаны болып табылатын тауарды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары; 3. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзыретті органдарға тіркелуі туралы анықтама; 4. Әлеуетті өнім беруші тауардың сапа сәйкестігін тексеру мақсатында олардың үлгілерін, каталогтарын немесе суреттерін өткізуі тиіс; 5.Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса сатып алынатын тауарлар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек; 6. Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде конкурсқа жарияланған жалпы сомасының кем дегенде 5  пайызы (%) мөлшерінде  мына есепшотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мекемесі, БСН:990440008043, БСК:HSBKKZKX, ЖСК:KZ436010291000010707, Кбе:16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе банктік кепілдік берілуге рұқсат; 7. Сатып алынатын тауарға кепілдік мерзімі 12 ай болу міндетті. Сатып алынатын Университетттің  ғимараттарын жөндеуге қажетті тауарларды тізімі мен келісімшарт үлгісін http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, №29В мекенжайда орналасқан Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ректорат ғимараты, №203-кабинеттен алуға болады. Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 26.08.2020, сағ 15.00 Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты: Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 7 күнтізбелік күн ішінде (19.08.2020 – 25.08.2020 аралығында), Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, №29В мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ректорат ғимараты, №203-кабинетте қабылданады.