Жанып жатқан үйден әйелді құтқарып қалды
Жанып жатқан үйден әйелді құтқарып қалды
Фото: Интернеттен алынды
110
оқылды
Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 17 тамыз күні Қостанай облысы Арқалық қаласында Горбачев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Екі қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтер жанған. Ұйықтап жатқан 1974 жылғы әйел таңертең жалыннан тұншығып оянған. Ол бірден көшеге шығып, көршілерін көмекке шақырады. Сағат 08:10-да олар 101 қызметіне хабарлаған. Тұрғын үйдің есіктері іштен жабылып қалғандықтан, өрт сөндірушілер пәтерге екінші қабаттың терезесі арқылы кірді. Өрт сағат 09:04-те ауыздықталды және 09:15-те сөндірілді. Өрт аумағы – шамамен 20 шаршы метр. Өртке толық сөнбеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.