Жүргізушіні ұрып-соққан кім?
Жүргізушіні ұрып-соққан кім?
138
оқылды
Жетісай АПБ-не аудандық ауруханадан Келес тұрғынының дене жарақатымен түскені  туралы хабарлама келіп түскен. Ақпарат алысымен полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің анықтауынша, жәбірленуші «Ауди» маркалы көлігімен ауыл арасында такси қызметін атқарып жүргенде бей­таныс адам отырған. Алай­да көліктен түсерінде күдікті жүргізушіні себепсіз ұрып-соғып, қашып кеткен. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тіркеліп, сот­қа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жетісай аудандық полицейлерінен осы іске бай­ланысты арнайы жедел-тер­геу тобы құрылып, тәртіп сақ­­­­­шылары екі күн бойы бұ­зақылық жасаған жігітті іздес­тіру жұмыстарын жүргізді. Со­ңында жинақталған ақпарат көз­дері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жігіт өзінің бұ­зақылық әрекетін толығымен мо­йындады. Қазіргі таңда оқи­ғаның барлық мән-жайы анық­талып, тергеу амалдары жүргізілуде.  

Айым БЕКТҰР