Қазақстанда жасалған коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеу аяқталды
Қазақстанда жасалған коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеу аяқталды
Фото: Интернеттен алынды
155
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетіне қарасты «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК баспасөз қызметі вакцина сынақ кезінде мұқият тексерілген. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының (ДЗСҰО) Алматы қаласындағы аймақтық филиалының фармакологиялық сынақ зертханасы базасында COVID-19 қарсы қазақстандық белсенді емес вакцинаны (QazCovid-in ®) клиникаға дейінгі зерттеу аяқталды. Жануарларға вакцинаның күшейтілген дозасын салып, оның қауіпсіздігі мен уытты әсері мұқият тексерілді. Отандық вакцинаның ағзаға аллергиялық реакциясы мен денені тітіркендіргіш әсерінің жоқ екені анықталды. Жалпы зерттеу әдістерінен басқа, вакцинаның қауіпсіздік деңгейі қанның гематологиялық және биохимиялық көрсеткіштерімен расталды. Вакцинаның жануарлардың ішкі мүшелеріне әсері де зерттелді», – делінген хабарламада. Клиникаға дейінгі зерттеуде COVID-19 қарсы отандық вакцина уытты емес екенін анықталды. «Жаңа вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін толық бағалау үшін, қазақстандықтарды вакцинациялау үшін одан әрі кең ауқымды клиникалық зерттеулер қажет. Зерттеудің барлық кезеңі өткізілгеннен кейін ғана вакцинаның қауіпсіздігі туралы айтуға болады», - деді биология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» Алматы фармакологиялық сынақ зертханасының меңгерушісі Валентина Шнаукшта. Барлық эксперимент зертхананың жануарларға жасалған. «Фармакологиялық зерттеулер зертханасы GLP OECD сәйкес Словак ұлттық аккредиттеу қызметінің (SNAS) халықаралық аккредиттеу мәртебесіне ие және Қазақстандағы биоэквивалентті зерттеу жүргізетін жалғыз зертхана. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың жұмысын өзінің ресми сайтында тіркеп, оны клиникаға дейінгі зерттеуге рұқсат етілген COVID-19-ға қарсы вакцинаға кандидаттардың тізіміне қосқан болатын. Отандық вакцинаны БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірледі. Ведомствоның мәліметінше, ол Қазақстандағы науқастардан бөлінген вирус штаммы негізінде жасалған» делінген ресми мәліметте.