Данэлия Төлешова America’s Got Talent-та көрерменді таңғалдырды
Данэлия Төлешова America’s Got Talent-та көрерменді таңғалдырды
Фото: Интернеттен алынды
146
оқылды
Ол Sign of the Times әнін орындады. Видео таланттар шоуының Youtube каналында жарияланды. «Қазақстандық 14 жастағы әнші Гарри Стайлздың Sign of the Times әнін тамаша орындады. Данэлия Төлешованың орындауындағы әнді жіберіп алмаңыздар!» делінген видеода.   https://youtu.be/xCXCYYSUq74 Ал әнші әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктен дауыс беруді сұрады. Әнші Instagram-дағы парақшасында: «Дәл қазір маған сіздердің көмектеріңіз бен қолдауларыңыз қажет, сондықтан маған NBC.COM/AGTVOTE-де дауыс беріңіздерші», – деп жазды. Ескерер жайт, АҚШ-та тұратындарға ғана Данэлия Тулешоваға дауыс бере алады.