АҚШ-тағы президент сайлауы: Джо Байден ресми түрде кандидат болып тіркелді
АҚШ-тағы президент сайлауы: Джо Байден ресми түрде кандидат болып тіркелді
Фото: Интернеттен алынды
267
оқылды
Дереккөздің жазуынша, Байденнің кандидатурасын АҚШ-тың бұрынғы президенттері Бил Клинтон мен Джимми Картер, сондай-ақ АҚШ-тың вице-мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл қолдады. Джо Байден АҚШ президенттігіне кандидатурасын үшінші рет ұсынып отыр. АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Демократиялық партия кандидатурасын қолдап жүрген республикашыларды сынға алып, Байденді «солшыл партия қолындағы қуыршақ» деп атаған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, халық арасындағы сауалнамада Байден Трамп бір-бірімен итжығыс түсіп келеді. Анығығ Трамп соңғы апта қорытындылары бойынша басымдыққа ие. Демократтар партиясының съезі сәрсенбі мен бейсенбі күндері жалғасады. Жиында  АҚШ сенаторы Камала Харрис, Хиллари Клинтон және АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама сөз сөйлейді деп жоспарланған.