Әлеуметтік желіде пайдаға кенелемін деп алданатындар көбейген
Әлеуметтік желіде пайдаға кенелемін деп алданатындар көбейген
Фото: Интернеттен алынды
113
оқылды
Департаменттің мәліметінше, барлық жағдайда зардап шегушілер қысқа уақытта қомақты пайда табуға үміттенген. Ұйым туралы ақпаратты нақтылап алуды қаперге алмаған.
«Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар жиі шетел азаматтары болып шығады. Түрлі схемаларды ұйымдастыру және дамыту әлеуметтік желі арқылы жүзеге асырылады. Әдетте олар Forex Advacash, Teletrade сынды танымал компаниялардың нышанын пайдаланады. Алайда, тергеу аталған компаниялармен олардың ортақ байланысы жоқ екендігін, ал олардың ізі және қазақстандықтардың салымдары шет елдерге кететіндігін көрсетіп отыр» делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден көп табыс табуға болатындығы туралы хабарламаны көріп, белгісіз тұлғаның банктік картасына шамамен 100 мың теңге аударып жіберген. Қысқа уақыттың ішінде бірнеше есе табыс күткен бойжеткенге ақыр аяғында полицияға жүгінуге тура келген. Сондықтан Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті алаяқтықтың негізгі белгілерін айтты. Біріншіден, жоғары табыс табуға уәде беретін мұндай жарнамалар бұқаралық ақпарат құралдар мен әлеуметтік желілерде жарияланады. Екіншіден, бизнес желілік маркетинг ұстанымы негізінде ұйымдастырылады. Яғни, қатысушының табысы жаңа қатысушылардың салымы есебінен қалыптастырылады. Үшіншіден, өз қызметтерін шетелдегі жылжымайтын мүлік, алтын өндіру, биржалық мәмілелер, Forex нарығы сынды салаларда жүзеге асыратындынын мәлімдейді. Төртіншіден, қаражат тарту қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиялары болмайды.