Тоқаев жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Тоқаев жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

 «Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылары, Шымкент және Жамбыл облыстарының әкімдері есеп берді», - деп жазды ол.