283 миллиард теңге игеріледі
283 миллиард теңге игеріледі
221
оқылды

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады.

Есеп комитетінің төрайымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020-2022 жыл­дарға арналған рес­пуб­ликалық бюджет жо­басын баға­лаудың алдын ала қоры­тындылары жөнінде баяндады.

Наталья Годунова Прези­дентке үш жылға бөлінген 583 миллиард теңге қаржыны тиімді пайдалану туралы Есеп комитетінің Үкіметке жасаған ұсынысы жөнінде айтты. Аталған қаражаттың 283 миллиард теңгесі 2020 жылы игеріледі.

Кездесу қорытындысы бойын­ша Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берді.