"Қазір балалар мен жастарды улап жатыр": Желіде уланған суды ішпеуді сұраған аудиожазба тарады
"Қазір балалар мен жастарды улап жатыр": Желіде уланған суды ішпеуді сұраған аудиожазба тарады
163
оқылды
Мессенджерлерде белгісіз бір әйелдің уланған суды ішпеуді сұрағаны жазылған аудиохабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Аудиожазбада белгісіз әйел вирусологпен сөйлесіп, ол айтқан құпия мәліметті бөлісіп жатқанын айтады.
"Қымбатты туыстарым, сізге бір жаңалық айтқым келеді. Мен вирусологпен сөйлестім. Оның айтуынша, жарты жыл бойы су ішуге болмайды, диспансерлік су болсын, ішуге болмайды! Тек қайнаған су ішіңіздер. Су арқылы олар бәрін және барлығын улайды. Қазір балалар мен жастарды улап жатыр. Тіпті балалар үшін ауруханада бөлмелер дайындап жатыр. Балаларыңызды қорғаңыздар. Үйден шықпасын. Дүйсенбіден бастап бәрін улап жатыр. Маскасыз жүрмеңіздер", - деп келтіреді хабарламада вирусологтың сөздерін.
Денсаулық сақтау министрлігі болса бұл мәліметті жоққа шығарды.
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті WhatsApp  мессенджеріндегі улайтын су туралы аудиохабарлама бойынша бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды", - деді министрліктегілер.