Тоқаев өте қауіпті симптом жайлы айтты
Тоқаев өте қауіпті симптом жайлы айтты
Сыбайлас жемқорлық жағдайларының саны әлі де азаймай тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте айтты.
"Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан. Ашығын айтқанда, қазір күнделікті жаңалықтардан түрлі деңгейдегі шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты заң бұзушылықтары үшін ұсталып жатқаны туралы оқитын болдық. Олардың арасында екі облыс әкімі бар, бұл өте қауіпті симптом", - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, әрбір әкім және министр жұмсалған қаражатқа ғана емес, оны дұрыс жоспарлауға да жауапты болуға тиіс. Нақ осы тұста сыбайлас жемқорлыққа бару қатері көп болуы мүмкін.
"Сондықтан, әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі. Бас прокуратураға осындай бағалау жүйесін  әзірлеуді тапсырамын, - деді ол.