Бір жасар сәби ыдыстағы суға құлап, тұншығып өлді
Бір жасар сәби ыдыстағы суға құлап, тұншығып өлді
©Сурет интернеттен алынды
Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.  Қайғылы оқиға Тимирязев ауданының Докучаево ауылында болған.
Жер үйдің ауласында жүрген сәби үлкендердің қарауынсыз қалған. Сол сәтте бір жасар қыз су құйылған ыдысқа құлап, тұншығып өлді.
«Баланың мәйітін анасы тауып, судан шығарып алған», – деді Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндеттерін уақытша атқарушы Нұрлан Атығаев.