Білімді мыңды жығар...
Білімді мыңды жығар...
177
оқылды
«Nur Otan» партиясының праймеризі Атырау облысында қызу басталып кетті. Праймеризге старт берілгеннен күннен бері  түрлі бағыттағы сайлауалды бағдарламаларын ұсынған 119  үміткер праймеризге құжат тапсырды. Атырау облысы бойынша праймеризге бақ сынамаққа бел буған 35 жасқа дейінгі жастар саны әзірге 13 болып тұр. Білім саласына өзіндік өзгеріс әкелмек ойы бар Төре Пангерей де үміткер. Пангерей Төре Қадырбекұлы Махамбет ауданы Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.
"Праймериз дегеніміз -жаңа форматтағы партия ішілік іріктеу, бұған  әрбір партия мүшесіне қатысуға рұқсат етіледі. Бұл өткелі отырған сайлаудың ерекшелігі,  жаңа заңға сәйкес үміткерлердің арасында жастар мен әйелдердің үлесі 30 пайызы  болады. Сондықтан барша дарынды, ақылды, елін жерін сүйетін жастарды праймеризге қатысуға шақырамын. Менің  праймериздегі бағдарламамда білім саласына көп көңіл бөлінеді. Мұндағы менің мақсатым мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының сапалы жұмыс жасауына  жағдай туғызу, мұғалімдер мен тәрбиешілердің мәртебесін арттыру және қазіргі өзекті мәселе педагог кадрлардың жетіспеушілігін шешу", - дейді жас үміткер Төре Пангерей.