Ақтөбеде құстар қырылуда
Ақтөбеде құстар қырылуда
©Сурет интернеттен алынды
184
оқылды
Бұлай деп әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындар дабыл қағуда. Ешкім атпаған құстар қырылуда. Тіпті, денелерінде жарақат та жоқ.  Дегенмен ондаған шағаланың бірден қырылуы күдік тудырады.
Тұрғындар құстардың өлуіне жақын маңдағы өндіріс орындарының себеп болуы мүмкіндігін жеткізді. Оқиғаны құзырлы орган мамандары тексеруде.
- Ішінде бұрын да өлгендері бар. Ондай қатты болмаса да 1-2-ден бар. Зерттеу жасалып, тексеру жүргізілуде. Қазір экологтар да қосылады. Осыдан соң экспертизаға береміз, - деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Қуаныш Аязов.