Instagram-да QR-код пайда болды
Instagram-да QR-код пайда болды
Бұл жайында TheVerge хабарлайды. Алғаш QR-код Жапонияда былтыр шығарылды. Қазір бұл функция дүние жүзі бойынша кез келген пайдаланушы үшін қолжетімді.
Оның ерекшелігі компаниялар QR-кодты шығарып, клиенттеріне сканерлеуге ұсына алады. Сонда олар компанияның парақшасын оңай ашып, жұмыс уақытын не басқа да керегін қарайды.
Мұндай код жасау үшін профильдегі баптау менюіне кіріп, QR-код дегенге басу керек. Содан соң оны сақтап алуға немесе бөлісуге болады. Бұрын Instagram желісінде осыған ұқсас Nametag функциясы болатын, тек оны Instagram камера арқылы сканерлеуге болатын. Енді бұл функцияны толығымен QR-код алмастырады.