20 жастағы жігіт ауылдасын пышақтап тастады
20 жастағы жігіт ауылдасын пышақтап тастады
©Сурет интернеттен алынды
146
оқылды
Polisia.kz хабарлауынша, Райымбек ауданында ауылдас жігіттердің сөзге келіспей қалуы қылмысқа ұласып кеткен. Ақырында 20 жастағы жігіт ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға түседі.
Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы жігітке қасақана пышақ салған ауылдасы екен.  Оқиға орнынан қылмыс құралы болған пышақ табылып, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді.
«Жастар арасындағы кикілжің ауыр қылмысқа әкелген. Қазір оқиғаға қатысқан адамдар анықталды. Медициналық куәландыру барысында олардың ішімдік ішпегені белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Райымбек ауданы Полиция бөлімінің бастығы Мұрат Нұрдаулетов. Ведомство басшысының ақпараты бойынша тергеу барысында тәртіп сақшылары ауыл балаларының арасындағы кикілжің неден туындап, қылмысқа баруына не себеп болғаны анықтауда.