Бақылау тетіктері түсіндірілді
Бақылау тетіктері түсіндірілді
221
оқылды

Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалында өткен партиялық бақылау комиссиясының отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы бойынша қоғамдық бақылау орнату мәселесі талқыланды.

Кеңес кезінде партиялық бақылау комиссиясының тө­рағасы Михаил Дәуенов пар­тиялық бақылауды жетіл­дірудің, күшейтудің және мем­лекеттік бағдарла­ма­лар­дың негізгі тетіктерін түсін­дірудің маңыздығына тоқталды.

– Nur Otan партиясының экономиканы дамытуда, аза­маттардың әл-ауқатын арт­тыруда, барлық санаттағы ха­лықтың жағдайын жақ­сар­ту­дағы рөлін байқауға бо­ла­ды. Барлық күш-жігерді айқын­далған мақсаттарға жұмсауымыз керек, – деді Михаил Дәуенов.

Жиында партиялықтар баста­масымен «Құтты ме­кен» жобасы шеңберін­де мемлекеттік бағдарла­ма­лар­мен салынып жатқан құрылыс нысандарына қатысты та­лап­ты одан ары қатаңдату керектігі айтылды.

– Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңесте партиялық бақы­лауды күшейтуді тап­сыр­ды. Партиялық бақы­лау комиссиясының құрамы­на кіретін қалалық және облыс­тық мәслихат депутаттары тарапынан жаңадан салы­нып жатқан құрылыс нысан­да­рына қатысты мониторинг, бақылау шаралары жүйелене түсетінін жеткізді, – дейді пар­тиялық бақылау инс­пекторы Бауыржан Сабыржан.

Мәжіліске қатысушылар отырыста көптеген өзекті мә­селелерді тілге тиек етті. Атап айтқанда, әдеп кодек­сін сақтау, қоғамдағы жем­қор­лыққа қатысты «нөлдік төзімділікті таныту», анти­коррупциялық иммунитетті қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы әдістерге қатысты ақпараттандыру жұмысын арттыру жайын қаузады.

– Арнайы құжатта сы­бай­лас жемқорлықтың кез келген көрінісі мен оны бол­дырмау туралы айтылған. Бұл партия мүшелеріне де қатысты. Жауапкершілікті арттыру маңызды. Партия­лас­тарымыздың көпшілігі еліміздің, қоғамның дамуы­на өз үлесін қосып жүр. Алай­да олардың арасында ішкі тәртіпті бұзғандар да бар. Оларға қатысты мін­дет­ті түрде қатаң шара қолда­ныл­ды, – деп атап өтті Бауыржан Сабыржан.

Талқылау соңында мем­лекеттік қызмет көр­сетудегі заң бұзушылықтардың алдын алуда бірлесе жұмыс жасау қажеттігі баса айтылды.