Өртенген үйден адамның мүрдесі табылды
Өртенген үйден адамның мүрдесі табылды
©Сурет интернеттен алынды
141
оқылды
Оқиға 18 тамыз күні сағат 23:43-те болған. Қостанай қаласының өрт сөндіру қызметіне Чехов көшесіндегі жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны жайында хабар түскен.
Шақырту орнына дереу жеткен өрт сөндіру тобы өртенген үйден мәйіт алып шыққан. Мүрде үйдің ас бөлмесінен табылған. 1957 жылы туған ер адамның мәйіті болып шықты.
Тез арада сөндірілген өрт үйдегі электр сымдарының тұйықталуынан болған.  Тілсіз жау 20 шаршы метрді шарпыған екен. Өртті сөндіруге 19 адам және 5 техника жұмылдырылды.