Әкесі қызын зорлап, сотталып кетті
Әкесі қызын зорлап, сотталып кетті
©Сурет интернеттен алынды
230
оқылды
Өңірдің полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, сотталушы кәмелет жасына толмаған қызына азғындықпен зорлаған. Мұны жария еткен соң, әйелін де зорлапты. Жаға ұстатарлық жайт былтыр күзде болған екен. Әйелі күйеуінің азғындығын біліп, аудандық полиция бөліміне арызданған. Құзырлы мамандар Қылмыстық кодекстің 121-бабы, яғни "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Күдікті жасаған қылмысын мойындап, қамауға алынды. Алайда келесі күні арызданушы жиі ішімдік ішкен күйеуін жазаламақ болғанын айтып, райынан қайтқанын хабарлаған. Дегенмен мамандар қылмыстың болғанын дәлелдеп, іс сотқа жетті. "Әрине, тергеу барысында біз аймақтың менталитетін, туыстарының ықпалын ескердік. Соған қарамастан сотқа дейінгі тергеуді жалғастыра бердік. Бізге дәлелдерді әрбір бөлшектен жинауға, сараптама тағайындауға және кәсіби мамандарды да тартуға тура келді. Бұл үшін бірнеше ай қажет болды. Нәтижесінде, облыстағы Әділет министрлігінің сот-медициналық сараптама институтының мамандары әйел мен кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттер шын мәнінде болғанын растады", - дейді Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Нұрмахан Жалғасов