Мемлекеттік қызметші елге үлгі бола ма?
Мемлекеттік қызметші елге үлгі бола ма?
376
оқылды

Еліміздің тәуелсіздігі жылдары мемлекеттік қызметті кәсібилендіру бағытында ұтымды реформалар қабылданып, іске асырылуда. Солардың қатарында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мемлекеттік қызмет саласына тың серпін берді. Міне осы жоспар Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру деген өршіл міндетті орындауға көмектеседі. Соның арқасында мемлекеттік қызметшілер кәсіби әрі білікті ғана емес, бүкіл қиындық пен түрлі жүктемеге төтеп бере алатын маман болады.

Ұлт жоспарының алғашқы он бес қадамы мемлекеттік қыз­метті жаңғыртуға, кәсі­би мемлекеттік аппарат құру­­ға негізделген. Жоспар аза­­мат­тарды мемлекеттік қыз­­мет­ке алғаш қабылдау рә­сі­­мінен бастап, оларды ке­­шенді аттестаттауға дейін­гі аралықты қамтиды. Жаңа реформаға сәйкес мем­­ле­кет­­тік қызметшінің ман­са­бы, оның біліктілігі мен жи­нақ­­таған тәжірибесі есепке алынады. Мансаптық саты­ның әр баспалдағында ол өзі­нің кәсіби жарамдығын дә­лел­деп отырады. Мәселен, осын­дай ауқымды шара не­­­гі­з­інде Қызылорда облы­сын­­да жарияланған ішкі бай­қау­лар­дың нәтижесімен жаңа ла­уазымдарға қабылданған 80 тұлғаның 63-і жоғары лауа­зым­ға тағайындалған.

Жалпы, кадр тұрақсыздығы не болмаса мамандардың жиі ауысуы – мемлекеттік қыз­мет­те­гі реформалардың жүйелі жүзеге асырылуына кедергі бо­лып жатады. Алайда осы ай­мақ­тағы мемлекеттік қызмет саласы тұрақтылығымен ерек­­шеленеді. Соңғы кезде мем­ле­кеттік қызметтен кететін адам­дардың саны азаюда. Мәсе­лен, бүгінде облыста 3566 мемлекеттік қызметші жұ­мыс істейді. Статистикалық мә­лі­мет­ке сәйкес, 2018 жылы өз өті­нішіне сәйкес 48 мемлекеттік қыз­метші босатылған. Биыл жыл басынан облыстағы бар­лық мемлекеттік органнан 54-і өтінішіне сәйкес кеткен. Бұл дегеніміз – аймақтағы мем­лекеттік қызметші 1,4 па­йызға тең деген сөз. 2016-2020 жыл­дарға арналған Қы­зы­лор­да облысының даму бағ­­­дар­ла­ма­сын іске асыру жө­нін­дегі іс-шаралар жоспары толығымен орындалды. Бұған сәйкес биыл мемлекеттік қыз­метшілер саны­ның таза ауы­сушылығы 6,1 па­йыз­дан аспа­уы тиіс.

Жас маманның жауапкер­ші­лігін арттырып, атқарып отырған қызметке деген тә­жірбие­сін ұлғайту мақсатын­да мемлекеттік қызметшіге үш айлық сынақ мерзімі беріледі. 2019 жылдың басынан бері қол­­даныстағы заңнамаға сәй­кес, 69 мемлекеттік қызмет­ші тағылымдамадан өтті. Оның ішін­де, жергілікті атқарушы ор­гандардың – 37-сі, аумақтық мем­лекеттік органдардың 32-сі өт­кізілді.

Сонымен қатар қоғамда тестілеуден өту қиын деген пікір қалыптасқан. Бұл – қате. Шындығында, заңнамалық ак­тілердің нормаларын жетік білетін адам тестілеуден оп-оңай өтеді. Іріктеу кезеңі­нің соң­­ғысы – конкурс комис­сия­­сының мүшелерімен әң­­­гімелесу. Әңгімелесу ба­­­­­­ры­­сында үміткерлерге си­туа­­­­­циялық, мотивациялық сұ­­­­рақтар қойылады. Осы саты­лар­­­дан өтіп, комиссияның оң ба­­ғасын алған азамат мем­ле­­кеттік қызметші атанады. Мем­лекеттік қызметтегі ма­ман іріктеудің үш деңгейі – жоспардың 10-қадамын іске асыру мақсатында енгізілген. Сондықтан қазір мемлекеттік қызметке кіру үшін үміткерлер алғашында мемлекеттік тіл­ден және заңнамадан тест тап­сырады. Тестілеу негізі үш бағдарламадан тұрады. Әр бағдарлама тиісінше мем­ле­кеттік әкімшілік лауа­зым­дар­дың санаттарына қарай заң­на­малық актілерді қамтиды. Жыл басынан заңнамалық тес­тілеудің алғашқы кезеңіне
1 220 үміткер қатысып, 518-і дұрыс жауап берген. Міне заң­нама тестілеуден оң нәтиже ал­ғандардың шынайлығын тек­серу үшін сұрақ-жауап алы­нады. Шынайлығы 50 пайыздан жоғары болса ғана жалпы конкурсқа қатысуға мүмкіндік алады. Сөйтіп, жұ­мысқа алғаш кіретін аза­мат­тар іріктеу рәсімі әкім­­­шілік мемлекеттік қыз­­мет стандартына сәйкес­тен­­­діріледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қол­ға алынған «Президенттік жас­­­тар кадр резерві» үміт­кер­­лерге қойылатын та­лап­­тар­ға сай келетін мем­ле­кеттік қыз­мет­шілер үшін «қызметтік лифт» болмақшы. «Пре­зи­дент­тік жастар кадр ре­зерві» іріктеуден өткен мем­лекеттік қызметшіге сая­си және жоғары әкімші­лік лауазымдарға, ұлт­­тық холдингтер мен ком­­­­па­ниялардың жоғары бас­­­­­­­­­­қа­рушы лауазымдарына та­­ға­­­­йындалуына үлкен мүмкін­дік­ бе­­реді.

Әрине, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруда мем­­лекеттік қызметке іріктеу рә­сімдерін жетілдіру қажет. Со­ған орай, мемлекеттік қыз­мет­ші­лердің мерократия қағи­дат­тары негізінде, еңбегіне сай мансаптық өсу мүмкіндігімен қатар моральдық-әдептілік бей­несін сақтау үшін этика­лық ережелерді ұстану керек. Бұл жағынан Мемлекет бас­шы­сының 2015 жылғы 29 жел­тоқсандағы Жарлығымен мем­лекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары бел­гіленген Әдеп кодексі қа­был­данған болатын.

Бұл кодекс халықтың мем­ле­кеттік органдарға сенімін ны­ғайтуға, мемлекеттік қыз­мет­те өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалып­тас­тыруға, мемлекеттік қыз­мет­­шілердің әдепсіз мінез-құл­қының алдын алуға ба­­­ғыт­талған. Сол үшін де Қы­з­ы­лорда облысында әдеп жө­­ніндегі кеңес құрылып, уә­кілдер сайланды. Енді олар мемлекеттік органның қыз­мет­шілерінің тәртіптік теріс қылықтарымен танысып, мекеменің моральдік-әдептілік ахуалын бағамдай алады. Осы мақсатта биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында департаментпен, әдеп жө­нін­дегі кеңес мүшелерімен, әдеп жөніндегі уәкіл­дер­­­дің қатысуымен об­лыс­­тық, аудандық және ауыл­дық әкімдіктердің қыз­мет­­­шілерімен 332 кездесу, се­ми­­­нар-кеңес, дөңгелек үстел өт­кізілді.

Шара барысында мем­ле­кет­тік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық нормалары кеңінен түсіндіріліп, агенттік арқылы әзірленген Әдеп коде­ксінің қойын кітапшасы (Pocketbook) таратылды. Бұл – әдеп тұрғысындағы мәселелер туындағанда басшылыққа алынатын таптырмас құрал. Онда мемлекеттік қызметшінің қызметтік қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта қандай мінез-құлық таныту қажеттігі, әлеуметтік желіні пайдалану, БАҚ-та сөз сөйлеу, мүдделер қайшылығы кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керегі туралы мәселелер қамтылған.

Міне осы шаралар мем­ле­кеттік қызметшілер тарапынан тәртіптік теріс қылықтарды жасау фактілерінің азаюына септігін тигізді. Мәселен, 2019 жылдың 6 айында Қызылорда облысында 342 мемлекеттік қызметшіге теріс қылық жаса­ғаны үшін түрлі тәртіптік жаза қолданылса, 2018 жылдың осы кезеңінде 486 мемлекеттік қыз­метші тәртіптік жазаға тар­тылған. Яғни, өткен жыл­мен салыстырғанда мем­ле­кеттік қыз­метшілердің заң­бұзу­шы­лық фактілері 38 пайызға төмендеген.

Негізі, мемлекеттік қызмет­ші­лердің әрбір ісі – көпшіліктің ұдайы назарында. Сондықтан олар іс-әрекетімен көпке үлгі болуы тиіс. Шыны керек, үлгі тұтарлықтар аз емес. Алайда заң нормаларын бұзып, әдеп­тен озып қоғамның сын сада­ғына ілініп жатқандары да бар. Аяғын шалыс басқан мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік істері аймақтағы Әдеп жөніндегі кеңестерде қаралады. Міне бұлар қызмет­ші­лердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығын, қызметтің атына кір келтіре­тін қылықтарды қарап қана қоймайды. Сонымен қа­тар Мемлекеттік қызмет заң­на­малары мен Әдеп кодексі бұзу­шылықтарының профи­лак­­тикасын жүзеге асырады.

2019 жылдың 6 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізіліп, онда 35 мәселе қаралды. Сол мәселенің 19-ы тәртіптік істер болса, қал­ғаны – мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер. Тәртіптік істерді қарау бойынша кеңес шешімімен 14 қызметші тәр­­­тіптік жазаға тартылды. Оның 8-і Әдеп кодексі та­лап­­тарын бұзғаны үшін түр­лі тәртіптік шараға тар­тыл­­са, 6-ына мемлекеттік қыз­­метке кір келтіргені үшін «қыз­метіне толық сәйкес емес­­тігі туралы ескерту» тү­­­­ріндегі тәртіптік жаза қол­да­нылды. Тәртіптік жазаға тар­тылғанның қатарында 1 об­­лыстық басқарма басшысы, 2 облыстық мемлекеттік ме­­кеме басшыларының орын­ба­сарлары, 5 кент, ауылдық округ әкімдері, 2 дербес бө­лім басшысы және басқа да лауа­зым­ды тұлғалар бар.

Жалпы, мемлекеттік қыз­мет­ші – халық пен билік ара­сын байланыстырушы буын. Ал мемлекеттік қыз­мет­кер­­лердің жұмысына баға бере­тін – халық. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші ең әуелі халыққа қызмет ете­ті­нін естен шығармауы ке­рек. Халықпен байланыс ор­на­туда кәсібилікпен қатар адам­­гершілік қасиеті ауадай қа­жет.

Сондықтан мемлекеттік қызметке келемін деген адам, ең алдымен, мемлекеттік қыз­метші болу аса үлкен жа­уап­кершілік екенін сезінуі тиіс. Ол халықтың әл-ауқа­ты­­ның артуына мүдделі, мұң-мұқтажын тыңдайтын, ұсыныс-пікірін жүзеге асы­ра­тын байланыстырушы буын болуы керек. Сол үшін де мем­ле­кеттік қызметші кәсі­би бі­ліктілік, тиімді бас­та­ма­шыл­дық, үлкен жауап­кер­ші­лік, шы­найы адалдық, әділ шешім қабылдау, көшбасшылық се­кіл­ді қасиеттерге ие болуы қажет.

 

Берікбол БАЙХОЖАЕВ,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 
Қызылорда облысы бойынша департаменті 
басшысының орынбасары