Салық рақымшылығының нәтижелері

Салық рақымшылығының нәтижелері

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін, салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын заң күшіне енген еді. Осы заңға сәйкес, 2018 жылдың 1 қазанға дейінгі салықтық қарызды 2019 жыл­дың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдай­да, өсімпұлдар мен айыппұлдары шегеріледі.

Алайда салықтық рақым­шы­лық мониторингке жа­та­­тын ірі салық төлеуші­ле­­ріне, жер қойнауын пай­­­­­даланушыларға, ак­циз­­­делетін өнім өн­ді­ру­­ші­лер мен жеке немесе дара кә­сіпкерлікпен шұ­ғыл­дан­бай­тын жеке тұл­ға­лар ке­ле­сі санаттағы салық тө­леу­шілерге қолда­ныл­май­ды.

Осылайша, салықтық міндеттемелерін уақытылы орындауға мүмкіндігі жоқ, қаржылық қиыншылықтары бар салық төлеушіге, қа­рыз­­дардан құтылып, кәсі­би жұмыстарын заң ая­сын­­да жүргізуге толық мүм­­кіндік береді. Негізгі қа­рыз төленген жағдайда ша­ғын және орта бизнес субъектілері мемлекеттік кірістер органдарына бару­дың қажеттілігі жоқ, өсім­пұл­дар мен айыппұлдар са­лық төлеушінің өтінішінсіз есеп­тен шығарылады.

Жалпы 2019 жылдың 1 қыр­­күйектегі жағдай бо­йын­­ша 2018 жылдың 1 қа­за­­нына дейінгі 392 млн тг құ­райтын негізгі қары­зын төлеген 2 339 салық тө­­леу­ші­лер­дің 48 млн тг өсім­­пұл­мен 428 мың тг айып­­пұл­дарды есеп­тен шы­ғару жө­ніндегі ше­шім­де­рі шы­ға­ры­лып, өсім­пұл мен айыппұл сомалары ше­ге­ріл­ді.

Сонымен қатар оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілер, бересі сомасын толығымен төлеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару туралы арыз­дарын аумақтық мем­ле­кеттік кірістер бас­қар­ма­ларына жолдау қажет.

Одан бөлек, салық ра­қым­­­шылығын пайда­ла­­ну­­ға мүмкіндігі бар су­бъек­­тілердің шеңберін ке­­­ңей­ту мақсатында, ҚР ҚМ МКК-мен ағымдағы жыл­­дың 29 тамызындағы «Жеке шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар енгізілді. Ол бойынша 2018 жылдың қазанына дейінгі салықтық тексерулер бойын­ша есептелген сомалары шағымдануда болғанына байланысты, негізгі қарызы болмаған, дәл осы уақытқа дейінгі салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабар­ла­маның орындау мерзімі келмегеніне байланысты, негізігі қарызы болмаған, өткен жылдарға қосымша салық есептіліктерін тап­сыру есебінен 2018 жылдың 1-ші қазанынан кейін негізгі бересі пайда болған салық төлеушілердің қолдануға мүмкіндігі бар.

Салықтық рақымшылық аясында барлық туындаған сұрақ бойынша Шымкент қа­­лалық Мемлекеттік кі­ріс­­­­тер департаментіне 35-51-87 телефоны ар­қы­лы және салық төлеу­ші­лер­дің ор­наласқан жері бо­йын­ша Мемлекеттік кі­ріс­­тер бас­қар­маларына хабар­ла­су­ға болады.


Б.БАЙБӨЛЕКОВ,
Шымкент қаласы бойынша МКД
Берешекпен жұмыс басқармасы