«Кедей елдерге көмектесеміз» – министрлік Үкіметтен 138 миллион теңге сұрап отыр
«Кедей елдерге көмектесеміз» – министрлік Үкіметтен 138 миллион теңге сұрап отыр
Фото: Интернеттен алынды
203
оқылды
Сол үшін Сыртқы істер министрлігі жаңа агенттік құрып, жұмысын бастауға Үкіметтен 138 млн теңге сұрап отыр, – деп хабарлайды КТК. Қазақстан шет мемлекеттердің дамуына, абаттандыру жұмыстарына тікелей қаржы құя алмайды. Мұны қаражатпен көмектесетін донор мемлекеттер жүзеге асырады. Біздің міндетіміз –  көмек беруші мен көмек алушы арасында делдал болу. Әрбір іске асырылған жоба үшін, ол мейлі аурухана құрылысы немесе ақпараттық жүйе құру болсын, KazAID агенттігі 7 пайыз мөлшерінде комиссиялық сыйақы алады екен.
ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Рәпіл Жошыбаев: «Бұл коммерциялық агенттік емес, пайда табу мақсатын көздемейді. Заң бойынша акционерлік қоғам құруға 138 млн теңге керек. Бастама ретінде Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімізбен бірлесе әлеуметтік бағыттағы бірнеше жобаны жүзеге асырамыз. Мысалы, көрші бір мемлекетке мектеп, аурухана сияқты нысандар салу қажет болса, ол жерде Қазақстан тікелей көмек беріп немесе делдал бола алады. Тағы қаржы керек болса Парламент, Үкіметке ұсыныс жасап, талқылаймыз», – деді.