Nıet көрерменге жол тартты

Nıet көрерменге жол тартты

Qazaqstan арнасында кеше ғана тұсауы кесілген Niet әлеуметтік жобасында көпбалалы ана баспаналы болды.

Зүлфия Жұмабаева – бес баланың анасы. 2-топтағы мү­гедек. Жұбайы отбасынан бас тартқан. Содан бері па­на­­лайтын жер таппай, әр­кім­нің босағасын жағалап жүр. Тіпті қыстың қара суы­­ғында далада түнейтін кез­дері болған. Көпбалалы ана жүрегі жомарт жандар жи­нал­ған студияға көмек сұрап кел­ді.

«Осыған дейін демеу­ші­лер­дің, қайырымды жан­дар­дың көмегімен күн көріп жатырмыз. Балалардың күн­де­лікті қажеттілігін зей­­не­т­ақымнан ажыратып оты­р­­мын. Мұқтаждығымыз – тек баспана» деген көп­ба­ла­лы анаға Qazaqstan ар­на­­сының тікелей эфиріне ха­барласқан Нұр-Сұлтан қала­сы маңындағы Қоянды ауы­­лының тұрғыны екі бөл­ме­лі пәтер сыйлайтынын айтты. Бұл бағдарлама ұжы­мы үшін де, көмек сұрап кел­­ген көпбалалы ана үшін де күтпеген жағдай бол­ды. Сонымен қатар «Қа­ре­кет» қайырымдылық қо­ры­ның өкілдері үш бөл­ме­лі бас­па­на­ның кілтін табыс­та­ды.

Екі сағат бойы тіке­лей эфирде жүретін бағ­да­р­­­­­­ламаға бүгіннің өзін­­­де 80-ге жуық адам қо­­­ңы­­­рау шалып, Зүлфия Жұ­­ма­­­­баеваға қаржылай кө­мек­тесетіндерін айтты. Эфир ба­рысында көпбалалы ана­ның денсаулығына ме­ди­циналық тексеріс қажет еке­ні айтылды. Бұл мәселені Niet жобасының сарапшалар пулы құрамындағы ма­ман­дар назарға алатын болады.

Айта өтейік, 9 қыркүйек күні Qazaqstan Ұлттық арна­сында отандық телевизияда әлеуметтік жоба көрсетіле бас­тады. Бағдарлама күн са­йын 12:00-ден 14:00-ге дейін екі сағат бойы тікелей эфир­де өтеді. Алғашқы эфирдің өзін­де көмекке ие болған
1 жасар сәби Түркия еліне ем алуға аттанып кетті. Бағ­дар­ламаның бүгінгі екінші шы­ғарылымында елордалық көп­балалы анаға баспана кіл­ті табысталды. 

Niet жобасы мұқтаж жандарды қолы ашық қалың бұқарамен, құзыретті ор­ган­дармен, сондай-ақ қа­йы­рымдылықпен ай­­­­­на­лы­са­тын түр­лі ұйым­дар­мен байланыс­ты­руды мақсат етеді. Мұң-мұқтажын ай­тып келген жандарға әр хабарда көмек көрсету жос­пар­ланған. Бұған тікелей эфир­ге хабарласу арқылы қол­­ұшын созуға ниетті отан­дас­тарымыз атсалыса алады. 

Көмекке зәру жандардың өтініш-тілектері +7 776 535 0751, +7 701 555 0751 нө­мір­лері бойынша кез келген уа­қыт­та қабылданады. Хабар ба­рысында сауал жолдап, пі­кір білдіру үшін 8 (717) 2 75 71 71, +7 701 5550751 (Whatsap) байланыс теле­фон­дары жұмыс істейді.