Табысынан айырылған жұмыссыздар 42 500 теңгеден алып жатыр
Табысынан айырылған жұмыссыздар 42 500 теңгеден алып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
140
оқылды
20 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) біржолғы төлем алу үшін азаматтардан 2 млн 579 мыңнан астам өтініш түскен. Төлемді 2 млн 367,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 357,9 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше жолмен қабылданып жатыр. Мәселен, 2 млн 579 мыңнан астам өтінімнің ішінде: – 834,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген; – 674,5 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 406,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 662,7 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы; – 0,4 мың адам штабтар арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 834,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта); – 259,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген; – 1 млн 485,1 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.