"Тобыл" ойыншысы Роналду покер жасаған матчта Португалия қақпасына гол соқты (видео)
"Тобыл" ойыншысы Роналду покер жасаған матчта Португалия қақпасына гол соқты (видео)

Роналдудың еншісінде Португалия құрамасы сапында соққан 93 гол бар

Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясында Португалия құрамасы Литваны 5:1 есебімен ойсырата жеңді. 

Осы кездесуде төрт гол соққан Криштиану Роналду матчтың бас қаһарманына айналды. Осылайша, ол Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі тарихындағы 25 гол соққан алғашқы футболшы атанды. 

Осыған дейінгі рекорд Ирландия құрамасының көшбасшысы Робби Кинге (23 гол) тиесілі еді. Қазіргі таңда Роналдудың еншісінде Португалия құрамасы сапында соққан 93 гол бар. Ал жалпы, ұлттық құрама қатарында жүріп ең көп гол соғу көрсеткішімен әлем бойынша ирандық Әли Даеи көш бастап тұр. Ол 109 гол салған.

Сонымен қатар осы ойында «Тобыл» қорғаушысы Витаутас Андрюшкявичюс те 90 минут ойнады. Онымен бірге «Жетісу» ойыншысы Мантас Куклис те, қостанайлық команданың өкілі Артурас Жулпа да қатысты. 

28 минутта Витаутас Андрюшкявичюс гол соғып, Португалия қақпасынан саңылау тапты.

https://youtu.be/ANYWa0WQzJQ