Көпбалалы аналардың мүддесін қорғасам деймін – Нұржамал Әбілжанқызы
Көпбалалы аналардың мүддесін қорғасам деймін – Нұржамал Әбілжанқызы
119
оқылды
Партияның барлық филиалдарында үміткерлер құжаттарын тапсыруда. Солардың бірі — Нұржамал Әбілжанқызы Майусова «Nur Otan» партиясының осы бастамасы қоғамда демократияны дамытуға тың серпін береді деген ойда. Ол 1973 жылы Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Өзі — журналист. Көпбалалы ана.  «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі. «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Созақ ауданында ғана емес, облыс көлемінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып жүрген Нұржамал Әбілжанқызы праймеризден және одан кейінгі іріктеулерден өтіп, мандатқа ие болса, көпбалалы аналардың мәселесін көтермек.
«Еліміздегі көпбалалы отбасылар көп облыс Түркістан екенін білесіздер. Біз демографияны жақсарту үшін ана мен баланың жағдайын жасап, құқығын қорғауымыз керек. Қыз-келіншектерге әлеуметтік және психологиялық көмек қажет. Оларды кәсіпкерлікке баулыған жөн. Осы бағытта жұмыс жүргіземін», – дейді ол.