Праймериз жастарға үлкен мүмкіндік береді
Праймериз жастарға үлкен мүмкіндік береді
179
оқылды
Жастар бұрын мәслихатқа көп сайланбаған, биылғы сайлау алдындағы бағдарламада жастарға үлкен мүмкіндіктер берілуде. Мен "Elorda jastary" бастауыш партия ұймының  төрағасымын, партия мүшелігіне өткеніме 4 жыл уақыт болды."Jas Otan" ЖҚ елордалық филиалында,"Қарсы " қоғамдық жастар қозғалысының төрағасымын.Қазіргі басты міндет - жастардың мәселесін шешу және жастардың қоғамдық жұмыста, елдің дамуында қосқан үлесін  көрсету. Жастар ұйымына басшы болған уақыттан бастап елорданың ең белсенді жастарымен еріктілермен бірге "Бақытты отбасы", "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында көптеген аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жалғыз басты қарттарға көмек көрсеттік. Елдегі короновирустық пандемия уақытында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Bizbirgemiz" жалпы ұлттық акциясында табыссыз қалған отбасыларға азық-түлік, гигеналық заттар жеткізуде көмек көрсеттік.
Саяси билікте 20% жастар болу керек деген елбасының тапсырмасы қуантты. Бұл жастарға берілген үлкен мүмкіндік, осыған орай мен праймеризге өз кандитатурамды ұсындым.
   

 Бақдаулет Жанділдаев,

«Jas Otan»  ЖҚ елордалық филиалынын төрағасы