Мектеп – физикалық және психологиялық тұрғыдан бала үшін ауыр жүктеме. Мектептегі балалар үнемі өзара байланыста болады, осылайша бір-біріне түрлі ауруларды жұқтыруы әбден мүмкін. Иммунитет ол ауруларды жеңуге көмектеседі, бірақ барлық балада ол жеткілікті дамымаған болуы мүмкін. COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бала иммунитетін қалай көтеруге болатыны туралы нұсқаулықты ата-ана назарына ұсынады. ДҰРЫС ҰЙҚЫ Көптеген балалар ерте ұйықтауды ұнатпайды, ұзақ серуендеуді немесе компьютерде ойнауды жөн көреді. Бірақ осыған қарамастан, таңертең мектепке баруды ысырып қоюға болмайды. Осыдан кейін көп баланың ұйқысы бұзылады, ұйқысы қанбайды. Ал бұл өз кезегінде иммунитетттің дамуына да, оқу қабілетіне де теріс әсер етеді. Мектеп жасындағы бала шамамен, 8 сағат ұйықтауы керек. ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ Дұрыс тамақтану кез келген жаста пайдалы, бірақ бала үшін бұл өте маңызды. Балалардың диетасы теңдестірілген болуы керек, зиянды, бірақ дәмді тағамдардың саны аз болғаны дұрыс. Жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыну, ал ет өнімдерін қуыруға емес, бумен пісіруге кеңес береміз. ВИТАМИНДІК КЕШЕН Витаминдік кешендерді қабылдау да маңызды. Себебі, күз – жылдың ең қауіпті уақыты. Иммунитеттің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі – денеде дәрумендердің жетіспеуі. Оларды тамақтан алуға болады. Қыста тұтынылатын көкөністердің саны күрт төмендейді, бұл ағзаға дәрумендердің түсуін азайтады. Мұны жеңуге әртүрлі витаминдік кешендер көмектеседі. ПСИХИКАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕНІ АЗАЙТУ Психикадағы кез келген жүктеме денсаулыққа әсер етеді. Балалар үшін бұл әсіресе өзекті. Көбінесе денсаулыққа қатысты проблемалар маңызды іс-шаралар алдында пайда болуы мүмкін. Сондықтан балаңызды не мазалайтынын сұраңыз және оның проблемаларын мұқият шешуге тырысыңыз. ТАЗА АУАДАҒЫ СЕРУЕН Таза ауада жиі серуендеуге кеңес береміз, өйткені бала денсаулығы үшін табиғатта серуендеудің пайдасы зор. Үйде, мектепте және басқа да сыныптан тыс жұмыстарды орындау үшін жабық үй-жайда үнемі болу балаға жеткілікті таза ауа бермейді. Адамдар лық толған бөлмелерде ауада көптеген патогендік бактериялар жиналады. Сондай-ақ, ұйықтар алдында бөлмені желдетуді ұмытпаңыз. ТАЗА СУ Мектеп жасындағы балаға күніне жеткілікті мөлшерде 1,5-2 литр таза су қажет. Пайдалы деп саналатын әртүрлі сусындар дененің суға деген қажеттілігін жаба алмайды. Сондықтан су таза, газдалмаған, қантсыз болуы керек. Таңғы ас алдында және кешке, ұйықтар алдында бір стақан су ішу өте маңызды. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ Денені шынықтыру, салқын және жылы суды алмастыра отырып душ қабылдау баланың ағзасын сауықтырады. Су процедураларын да мерзімімен орындау бала ағзасына оң әсер етітін ұмытпаңыз. Балаңыздың дені сау болсын!