«Nur Otan» партиясы өзгеріп жатқанын көріп отырмын – Әлия Садырбаева
«Nur Otan» партиясы өзгеріп жатқанын көріп отырмын – Әлия Садырбаева
5,114
оқылды
Бауыржан Байбек отандық бірқатар саясаттанушылар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және басқа да белсенді қазақстандықтар құрған «Nur Otan» партиясы Жақтастарының лигасымен кездесті. Кездесу барысында тәуелсіз бірлестіктердің, оның ішінде өңірлерден келген 50-ден астам өкіл сұрақтарын қойып, «Nur Otan» партиясының праймеризін ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын да ортаға салды. Қарағандыдан келген қоғам қайраткері Әлия Садырбаева «Nur Otan» праймеризі бұған дейін оған күмәнмен қараған белсенді азаматтарды партия қатарына тартуға мүмкіндік беретінін айтты. – Менің қызметім қоғамдық жұмыспен, түрлі санаттағы адамдарға көмек көрсетумен байланысты. 2016 жылы адамдардың түйіткілді мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді деген үмітпен партия қатарына қосылдым. Дегенмен формализмді, сырғыта салуды, нәтижесі жоқ іс-шараларды көргеннен кейін мен партия қатарынан шығуға шешім қабылдадым. Бірақ қазір «Nur Otan» партиясы өзгеріп жатқанын көріп отырмын. Әйелдер қауымы мен жастар үшін де жағдай жасалуда. Сондықтан праймеризге қатысуға өтініш бердім. Өзімді мысалға келтіре отырып, сыбайлас жемқорлықтан шаршап, әлеуметтік әділетсіздіктен көңілі қалған адамдарға қарапайым адам үшін депутат болу және бір нәрсені өзгерту мүмкін екенін көрсеткім келеді, – дейді Әлия Садырбаева. Іс-шараға барлық өңірлерден 50-ден астам тәуелсіз бірлестіктердің өкілдері қатысты, олардың арасында Ерлан Саиров, Бағдат Қожахметов, Әлия Садырбаева, Марат Шибутов, Марал Ерғазина, Ильмар Хусаинов бар. Естеріңізге сала кетейік, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамызда басталды және ол 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-насихатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бөлінеді. 7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көпшілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіледі. Толық ақпаратты https://primaries.kz/ сайтынан біле аласыздар