Партия жаңа есімдерді, жігерлі, жалынды жастарды іздеуде – Марал Ерғазина
Партия жаңа есімдерді, жігерлі, жалынды жастарды іздеуде – Марал Ерғазина
165
оқылды
Отандық бірқатар саясаттанушылар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және басқа да белсенді қазақстандықтар құрған «Nur Otan» партиясы Жақтастар лигасының өкілдері Бауыржан Байбекпен кездесті. Кездесу барысында тәуелсіз бірлестіктердің, оның ішінде өңірлерден келген 50-ден астам өкіл сұрақтарын қойып, «Nur Otan» партиясының праймеризін ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын да ортаға салды. –Бастапқы кезде осы лиганың алғашқы конференциясында сөз сөйлегенімде праймеризге қатысқым келетінін айттым. Алайда менде аздаған күдік болды. Доданың шынайы, әділ өтетініне сеніңкіремедім. Қатысқаным дұрыс па, дұрыс емес пе деп ойладым. Кейін лигамен бірнеше рет конференция аясында біраз пікір алмастық, ой бөлістік. Содан соң ғана менің өз-өзіме деген сенімім, праймеризге деген сенімім арта түсті. Бір сөзбен айтқанда, маған «Nur Otan» партиясы Жақтастар лигасының конференциясы үлкен шабыт сыйлады. Қазіргі уақытта мен праймеризге қатысуға 100% дайынмын. Жұмыс істегім келеді. Өзімді көрсеткім келеді. Партия жаңа есімдерді, жігерлі, жалынды жастарды іздеуде. Бұл ретте өнімді жұмыс істей білетін, ынта жігері тасыған жастарға сұраныс жоғары екені сөзсіз. Мен де сондай жастардың бірі болғым келеді. Туған жерімнің, өз туған қаламның проблемасын шешуге атсалысуды мақсат тұтып отырмын. Елге де адал қызмет ететін уақытымыз келді. Сондықтан осы сәтті пайдаланып, үлкен додада бағымды сынап көрмекпін, – дейді ҚР кәсіподақтар маманы Марал Ерғазина. Іс-шараға қатысқандардың арасында Ерлан Саиров, Бағдат Қожахметов, Әлия Садырбаева, Марат Шибутов, Марал Ерғазина, Ильмар Хусаинов бар. Естеріңізге сала кетейік, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамызда басталды және ол 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-насихатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бөлінеді. 7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көпшілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіледі. Толық ақпаратты https://primaries.kz/ сайтынан біле аласыздар