Полиция Алматы облысында итті байлап, жолда сүйреген жүргізушіні ұстады. Ер адам өзінің қатал әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды аймақтық ПД баспасөз қызметі. Әлеуметтік желілерде жануарға қатысты қатыгездік туралы видео жарияланғаннан кейін полиция көлік жүргізушісін іздей бастаған. Аймақтың полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 тамызда таңертең Құлжа трассасында болған.
"Еңбекшіқазақ ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, сотталушының қоқыс шығарумен айналысатыны анықталды. Ер адамның айтуынша, жолдың жанындағы өлі итті байқаған ол оны көлікке байлап, адам жоқ жерге сүйреп апарып тастамақшы болған. Бұл дәлелдердің шынайы екені қазір расталып жатыр", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.Сондай-ақ бұл дерек бойынша Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы "Жануарларға қатыгездiк жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Еске салайық, оқиғаның видеосы 20 тамызда әлеуметтік желіде жарияланған. Кадрлардан жүргізушінің кішкентай иттің артқы аяғын жүк көлігіне байлап, тасжол бойымен сүйрегені көрсетілген.