Бизнес өкілдері праймериздің барлық салаға оң ықпалы тиетінін жеткізді
Бизнес өкілдері праймериздің барлық салаға оң ықпалы тиетінін жеткізді
209
оқылды
Nur Otan партиясының хатшысы Марат Сембековтың қатысуымен ZOOM-конференция форматында бизнес қоғамы өкілдерімен онлайн кездесуі өтті. Қатысушылар партияішілік іріктеу туралы сөз қозғады. Іс-шараны, Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев жүргізді. Бизнес - онлайн конференция Конференцияны аша отырып, ол партияның сайлауалды бағдарламалары әрдайым нақтылықпен ерекшеленетінін атап өтті. Мәселен онда индикаторлар нақты жазылған: мектептер мен емханаларды қанша салу керек, қай өңірде, қандай жолдар жөндеуге жатады және т.б. атап өтті. – Пандемия, карантин және жалпы экономикалық дағдарыс – үйлесімді шешім қабылдауды қажет етеді. Бүгінде біздің еліміз бүкіл әлеммен бірге қиын кезеңдерді бастан өткеруде, сондықтан біз «Nur Otan» партиясының жүргізіп отырған саясатын бірлесе отырып, қолдауымыз қажет. Өз тарапымыздан партияның жаңа экономикалық саясатын әзірлеуге белсенді атсалысамыз, – деді Мейрам Пішембаев. «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов өз кезегінде партиялық бастамаға қолдау білдірді. – Қазақстанның машина жасаушылар атынан «Nur Otan» партиясының праймеризді өткізу жөніндегі бастамасын толық қолдаймыз. Біріншіден, бұл жаңа тәсіл, партия ішіндегі бәсекелестікті ынталандыратынына, екіншіден, «Nur Otan» партиясы жақтастарының базасын кеңейтуге әкелетініне сенімдіміз. Партия жаңа идеялар мейлінше көп алатынына және өңірлер мен орталық арасындағы кері байланысты барынша нығайтады деген ойдамын, – деді Ерқанат Мақанов. Ол өзі ұсынған қоғамдық ұйым өз деңгейінде праймеризді өткізудің негізгі қағидаттары мен осы іс-шараны өткізуден күтілетін оң әсері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын екендігін айтты. «Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағы» РҚЗТ президенті Николай Радостовец праймериз барысында жаңа тұлғаларды анықтау жеткіліксіз екенін, сондай-ақ жаңа идеялар мен жаңа шешімдер табылуы тиіс екенін атап өтті. – Біз – өнеркәсіпшілер, нақты сектор өкілдері, кеншілер, металлургтер, шахтерлер, құрылысшылар – «Nur Otan» бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге көбірек ықпал еткенімізді қалаймын. Ең алдымен, жаңа жұмыс орындарын ашу, бизнесті қолдау және құруда партия бағдарламасының негіз болатын уақыты келді. «Nur Otan» атынан шығатын адамдар мұны қалай жасауға болатынын нақты білуі керек. Партияішілік іріктеуді жүргізумен қатар, еңбек адамдарын қолдау, оларға жаңа мүмкіндіктер беру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге назар аудару қажет, – деді Николай Радостовец. Конференция соңында партия хатшысы Марат Сембеков праймериз – бұл жанашыр азаматтар үшін өз құқықтары мен идеяларын іске асыру мүмкіндігі екенін атап өтті. – Бірлестіктеріңіздің атынан праймеризге қатысуға бизнестегі мәселелерді көтеретін ең белсенді, беделі бар өкілдеріңізді ұсыныңыздар. Сіздерден «Nur Otan» алаңында өтетін көпшілік қатысатын дебаттарға талқылауға болатын орынды ұсыныстар күтеміз. Партия барлығына ашық, кез келген орынды ұсыныстар мен бастамаларды қолдауға дайын, – деді Марат Сембеков бизнес қоғамы өкілдеріне. Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan»-ның жақтастарын және партияластарды еліміз үшін маңызды саяси оқиғаға белсене қатысуға шақырды. Естеріңізге сала кетейік, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамызда басталды және ол 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-насихатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бөлінеді. 7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көпшілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіледі.