– Жаңа шағын аудан салынып жатыр. Зардап шеккен бірде-бір адам далада қалған жоқ. Әрбір тұрғынның жағдайын ескердік. Жаңа баспанаға көшем деген адамдар осында қоныс аударады. Көп ұзамай барлығы өз үйлеріне оралатын болады. Ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген. Кәсіпкерлер, құрылысшылар, дәрігерлер, қарапайым азаматтар, көптеген еріктілер белсенді жұмыс істеді. Барлығына шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.Қазақстан Президенті аудандағы ахуалды тікелей өзі қадағалап отырғанын жеткізді. Сапар барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстан Республикасымен бірлесіп су тасқынының салдарын жою, алдағы уақытта мұндай апатты болдырмауға қатысты қабылданып жатқан шаралар жайында баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысты нәтижелі жалғастыра беру керек деп тапсырды.
"Тұрғындарға 17 миллион теңгеден беріліп жатыр": Тоқаев Мырзакент ауылының тұрғындарымен кездесті
192
оқылды
оқылды