Әр азаматтың халық қазынасына қол салмауына ықпал етуіміз керек – айтыскер
Әр азаматтың халық қазынасына қол салмауына ықпал етуіміз керек – айтыскер
5,143
оқылды
Көкшетаулық жас ақын, айтыскер Мұхаммед Қонқаев "Nur Otan" партиясының праймеризіне қатысып, жемқорлық мәселесін жоюға атсалыспақ. Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер Одағының мүшесі, "Жас дарын" алтын медалінің,  Моңғолия Халық Республикасы мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері, жас та болса бас болып жүрген Мұхаммед Қоңқаев қазіргі таңда Көкен Шәкейұлы атындағы Көкшетау ақындар мектебінде жетекшілік қызмет атқарады.
«Халықтан биік ештеңе жоқ, сондықтан әрбір атқарған ісіміз ел болашағы мен халық игілігі үшін екенін ұмытпауымыз керек. Ал сол елдің ертеңі жалынды жастардың қолында. Біз үшін Тәуелсіздік –  қастерлі де киелі ұғым! Әр сәт сайын өзгеріп, құбылған заманда береке, бірлік, ынтымақ, ел тыныштығын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Жемқорлыққа жол бермей, мемлекетеміздің әр азаматы өз қызметіне адал болуына, халық қазынасына қол салмауына ықпал етуіміз керек», – дейді ол.  
Айтыс –  қазақтың салт-дәстүрінің  ажырамас бір бөлігі. Ол да праймериз сияқты. Себебі ол жерде ашық сын айтылып, елдің сөзін сөйлеген ең мықты ақын жеңіске жетеді. Партияда праймериздер солай өтуі керек. Өйткені партия – нағыз демократиялық институт. Сондықтан ішкі партиялық демократия қалыптасып, түрлі пікірлер айтылуы тиіс.  Көкшетаулық айтыскер ақын Мұхаммед Қонқаев үшін праймеризге қатысып, дебат өткізіп, халықтың дауысын жинау қиынға соқпасы белгілі.