Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

«Қытай – Қазақстанның сыртқы сауда және экономика саласындағы аса ірі серіктесі»

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 11, 2019
Саясат
758
қаралым

11 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-шы отырысына қатысты . Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өзара сенім мен тиімді ынтымақтастыққа негізделген тату көршілік қарым-қатынастардың қалыптасу тарихын атап өтті.

– Қытай – Қазақстанның сыртқы сауда және экономика саласындағы  аса ірі серіктестерінің бірі. Мұның айқын дәлелі – елдеріміз арасындағы сауда айналымы былтыр 11,4% артып, 12 миллиард долларға жетті. Тәуелсіздік жылдары Қытай Қазақстанға 20 миллиард долларға жуық инвестиция салды. Біз бүгінгі Іскерлік кеңестің 6-отырысын екі ел арасындағы іскерлік және инвестициялық әріптестіктің зор әлеуетін одан әрі кеңейтуге мүмкіндік беретін маңызды шара деп есептейміз, – деді Қазақстан Президенті.

Қазақстанда -40 градус аяз болады

Ресейлік ресми фейктер экспортымызға соққы

Қазақстанның бірқатар өңірінде күн күрт суытады

Мемлекет басшысы Қазақстанның инвестициялық ахуалын мейлінше қолайлы етуге бар күш-жігерін жұмылдырып отырғанын айтты.

– Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингі бойынша Қазақстан әлемдегі 190 мемлекеттің ішінде 28-ші болып, алғашқы отыздыққа кірді. Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздің экономикасына 300 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды.

Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азия өңірінде көш бастап тұр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қытайлық бизнесмендерді «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының қаржылық іс-қимылдарын белсенді пайдалануға шақырды, сондай-ақ оның осы аймақтағы бірегей институт екенін және қазірдің өзінде Қаржы орталығына 250-ден астам компания тіркелгенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы көлік дәлізін құруға және дамытуға зор мүмкіндіктер беріп отырғанына ерекше назар аударды.

– Қазақстан арқылы Қытай және Азияның басқа да елдерін Еуропамен, сондай-ақ Таяу Шығыспен байланыстыратын 5 темір жол және 6 халықаралық автокөлік жолы өтеді. Бұл Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға және кері қарай жүктерді 15 күнде жеткізуге мүмкіндік береді.

Ал, теңіз жолы арқылы 2-3 есе көп уақыт жұмсалады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасымен үндеседі. Мемлекет басшысы ортақ күш-жігеріміздің арқасында Ұлы Жібек жолын қайта жандандырып, қалпына келтіре аламыз деген сенім білдірді.

 
Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт ТоқаевҚытайнарықсаудаэкономика
Алдыңғы жаңалық

11 қыркүйек: АҚШ-тың Кабулдағы елшілігінде жарылыс болды

Келесі жаңалық

«Қытай компанияларымен бірлескен инновациялық кәсіпорындар құруға мүдделіміз»

Ұқсас жаңалықтар

жауапты хатшы, аппарат басшысы, Аида Құрманғалиева, Жәнібек Нөпіров
Жаңалықтар

Жауапты хатшылар жұмыссыз қалмай жаңа қызметке тағайындалды

Қаңтар 22, 2021
келісім
Саясат

Халықаралық келісім күші тоқтатылады

Қаңтар 22, 2021
жүргізуші
Саясат

Жүргізушілерге жеңілдік берілді

Қаңтар 22, 2021
тұрмыстық зорлық - Жәмилә Нұрманбетова
Nur Otan

Nur Otan депутаты тұрмыстық зорлыққа қарсы заң жобасын пысықтауды ұсынды

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Коронавирусқа шалдыққан Мейрамбек Бесбаев денсаулығы туралы айтты

Қаңтар 22, 14:57

Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус анықталды

Қаңтар 22, 14:33

Аида Балаева «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауда әр адамның пікірі маңызды екенін айтты

Қаңтар 22, 14:17

Қазақ қызы АҚШ-та лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 22, 14:00

Таңдау еркі сізде: шипажай ма, әлде Түркияға сапар ма?

Қаңтар 22, 14:00

Nur Otan партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды

Қаңтар 22, 13:48

Ақтөбеде қарияларды көсеумен ұрып, тонап кеткен күдікті ұсталды

Қаңтар 22, 13:40
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Коронавирусқа шалдыққан Мейрамбек Бесбаев денсаулығы туралы айтты

Коронавирусқа шалдыққан Мейрамбек Бесбаев денсаулығы туралы айтты

Қаңтар 22, 2021
Қазақстанға өткен тәулікте 215 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келді

Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус анықталды

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»