Еуропада коронавирус қайта белең алуда
Еуропада коронавирус қайта белең алуда
©Сурет интернеттен алынды
113
оқылды
Ресми Париж жұрттың жүріс-тұрысын шектеп, жаппай бетперде тағуға міндеттеп жатыр. Ертеңнен бастап көшеге шыққан барлық тұрғын маскамен жүруі керек. Ал күзден бастап жұмыста да бетперде киюі міндет.
Оңтүстік Корея да вирустың екінші толқынынан қауіптеніп отыр. Ал халық саны 1 миллиард 400 миллионға жуықтайтын Үндістанда әрбір төртінші тұрғын індет жұқтырды деген болжам бар.
Францияда кейінгі тәулікте 3776 адамның вирус жұқтырғаны расталды. Бұл – соңғы 3 жарым айдағы ең үлкен тәуліктік көрсеткіш. Қазір науқастар арасында бұрынғыдай қарттар емес, жастар көп. Қауіп күшейген соң, енді 1 қыркүйектен бастап тұрғындар жұмыс орнында да бетперде тағып жүретін болды. Бұл ережеге көбі түсіністікпен қарап жатыр. Өйткені шағын кеңселерде адам көп отыратын болса, вирусты жұқтыру қаупі жоғары. Алайда көшеге де бетперде тағып шығу талабы ертеңнен бастап Тулуза қаласында енгізіледі. Басқа шаһарларда әзірге ондай шектеу жоқ.