Із-түзсіз жоғалған жасөспірім пойыздан табылды
Із-түзсіз жоғалған жасөспірім пойыздан табылды
©Сурет интернеттен алынды
111
оқылды
Polisia.kz мәлімдеуінше, Алматы облысының полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы пойыздан тапты. Оның Нұр-Сұлтан қаласына билет сатып алып, таныстарына барып келгені белгілі болды.
– Полицияға жоғалған жасөспірімнің әкесі арызданған. Ол ұлына тән белгілерді айтып берді. Жасөспірімді іздеу жұмыстарына біз полицияның барлық күші мен жасақтарын жұмылдырдық. Жедел іздестіру шарасы барысында жасөспірімнің интернет арқылы Нұр-Сұлтан қаласына билет сатып алып, сол жаққа кетіп қалғаны анықталды. Жедел уәкілдер ол келе жатқан пойызды анықтап, оны сол жерде ұстады. Із-түссіз жоғалған кәмелеттік жасқа толмаған студент ата-анасына аман-есен табысталды, – деді Қарасай аудандық ПБ бастығы Болат Тотыбаев.