Мұздатылған өнімдерде COVID-19 сақталады екен

 Мұздатылған өнімдерде COVID-19 сақталады екен

Мамандар инфекция түскен тағамдар арқылы жұмысшыларға вирус жұғуы мүмкін екенін айтып өтті. Оның алдын алу үшін қолды жиі жуып, тазалық сақтау қажет екенін ескертті.

«Біздің зертханалық талдаулар SARS-CoV-2-дың халықаралық азық-түлік саудасында белгіленген тасымалдау мен сақтау жағдайларына байланысты уақыт пен температураға төтеп бере алатындығын көрсетті. Тауық етіне түскен SARS-CoV-2 вирусы 21 күн бойы төрт градуста және 20 градус салқын температурада да күшін жоймады», - делінген зерттеуде. 
Еске салсақ, бұған дейін Қытайда мұздатылған тауық етінен коронавирус табылған болатын.