Жемқорлықпен күрес барлық бағытта жүргізіледі
Жемқорлықпен күрес барлық бағытта жүргізіледі
Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­рес елі­міздің стратегиялық дамуының негізгі басым­дық­тарының бірі екенін айтты. Бұл бағытта бірқатар маңызды мін­деттер атқарылған. Атап айтқанда, Қазақстан халық­ара­лық ГРЕКО ұйымына мүше болды, қарамағындағы қыз­мет­кердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы анықталған жағ­дайда оның басшысының қызметінен босатылуы заңмен бе­кі­тілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сарап­тау жұмыстары күшейтілді. – Өткен жылмен салыстырғанда, жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға арт­қан, яғни 820-дан 912-ге өскен. Transparency International ұйымының 2019 жылы өткізген сауалнамасының қоры­тын­дысы бойынша, азаматтардың 28,7 пайызы мемлекеттік ауруханалар мен емханаларды сыбайлас жемқорлықтың ор­дасы деп атаған. Бұл басқа мемлекеттік мекемелермен са­лыстырғанда әлдеқайда жоғары, мысалы, полиция – 11,3%, жер қатынастары басқар­масы – 7%, мемлекеттік бала­бақшалар – 6,9%. Өз денсаулығына алаңдап, ауруханаға барған адамдардың қажетті медициналық көмек алу үшін кім­ге қанша ақша беремін деп уайымдауына жол беруге бол­майды, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев аза­мат­­тардың табысы азайып, эко­номи­каны қолдауға бағыттал­ған қар­­жы­ны жымқыру тәуекелі арт­қан пандемия кезінде сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы күресті кү­шейту қажетін атап өтті. – Сыбайлас жемқорлықтың се­бебі мен шарттарын жоймай оны­мен күресу, бұл – жел диір­мен­мен алысу. Халық әлдебір ше­неуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылға­нын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұн­дай жағдайдың қайталан­бай­ты­нын дәлелдейтін түбегейлі өз­ге­ріс­тердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірге мен мұндай ке­шенді және түбегейлі жұмысты кө­ріп отырған жоқпын. Шенеу­нік­­тер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйе­лі проблемалар шешілмеген күйі тұр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің сөзінше, меди­ци­на саласындағы сыбайлас жем­қор­лықты тексеру және әшкерелеу жұмыстары пандемия шарықтау шегіне жетіп, дәрі жетпей жатқан­нан кейін ғана басталған. Цифр­лан­дыру жүйесіндегі заңбұзушы­лықтар ондаған миллиард ақша шығындалғаннан кейін барып қозғалған. Бүгінде білім, жұмыс­пен қамту және әлеуметтік ны­сан­­дарға қыруар қаржы бө­лініп жа­тыр. – Бір жылдан кейін осы сала­лар­­ға бөлінген қаржы жымқы­­рылды, ал жауапты министрліктер көштің соңында қалды демейті­німізге нақты сенімді болуымыз ке­рек. Миллиардтаған қаржы қол­ды болып кеткеннен кейін, халыққа кінәлі адамдардың ұс­тал­ғаны туралы әдемі рапорт бер­геннің түкке де керегі жоқ. Бұл ба­­­ғыттағы жұмысты түбі­рімен қай­та құру керек деп са­наймын, – деді Мемлекет бас­шысы. Президент сыбайлас жем­қор­­лық­­пен күрес қызметінің бар­лық ба­ғыттағы жұмыстарына жаңа сер­пін беру керек деп са­найды. Tokaev1 Бұған қоса, сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күрестің барлық са­ласы бойынша қатаң қоғамдық ба­қылау жүргізілуі тиіс. – Адамдар әлі де жоғары оқу орын­дарында, колледждерде, тіп­ті мектептердегі сыбайлас жем­­­­қорлықты айтып шағым­да­нады. Жемқорлық азаматтары­мыз­­дың бойына сіңіп, тіпті қо­ғам­ның қалыпты құбылысына ай­налып кетуі мүмкін. Басты мә­селе – осы. Ал кәсіпкерлер Жер ко­митеті, өртке қарсы қыз­мет, са­лық және кеден ор­ган­дарын жем­қорлық жайлаған деп есеп­тей­ді. Жолдың сапасына байла­ныс­­ты да жұрт­шылық қатты алаң­­даулы. Сондай-ақ сы­байлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл ко­миссия­сы маған су шаруа­­шы­лығы саласында айтар­лықтай түйт­кілдер бар екенін ха­барлады. Міне, осы мәселелер бойынша қо­ғамдық бақылау тетігі жұмыс жа­сауға тиіс. Бұл шараға үкіметтік емес ұйымдарды тартқан жөн. Олар­ды норма­тивтік-құ­қықтық ак­тілерді са­рап­­тау ісіне қа­тыстыру ке­рек, – деген тап­сырма берді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент кеңесті қорытын­ды­лай келе ел қауіпсіздігі мен ха­­­лықтың жем­­­қорлыққа қарсы күрес бойын­­­­­­­­­­ша жүйелі әрі табанды ша­ра­­лар­ды іске асыруға байла­ныс­ты екенін атап өтті. Прези­дент Үкіметке Сыбайлас жемқор­лық­қа қар­сы күрес іс-қимыл агент­тігінің ұсы­ныстарын толық пысықтау үшін бір ай уақыт берді.