Қашықтан оқу – «қашып оқу» емес
Қашықтан оқу – «қашып оқу» емес
«Соңғы жылдары елімізде көптеген ата-ана баласын ресейлік білім беру платформаларында қашықтан оқытып жатқаны құпия емес. Ресейде білім беру платформалары мектептермен ке­лісімге отырады да, бала автоматты түрде сол мек­тептің оқушысы атанады. Оқушы мектеп бітір­ген кезде қолына Ресейдің аттестатын ала­ды», – дейді журналист әрі бизнес тренер Ольга Аринбасарова Қазақстан баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында.   Оның айтуынша, көрші ел 15 жылдан бері оқу­шыларын осы тәсілмен оқытып келеді. Яғни, ата-анасы баласын кәдімгі мектепке беруіне  не­месе қашықтан оқытуына болады. Білім бағ­дарламасы – ортақ. Қашықтан білім алу шалғай ау­­дандарда тұратын немесе жарыстарға жиі ба­ратын спортшы балаларға ыңғайлы. Ал қазақ­стандық балалар тек елімізде лицензия ал­ған мектептерде ғана білім алуы тиіс. Оның пікірінше, бұл жерде құқықтық вакум пайда болып отыр. Қазіргі уақытта қазақстандық қанша баланың Ресей білімін алып жатқанын дөп басып айту қиын, себебі   ата-аналар бұл мәселені жарияла­мау­ға тырысады екен. «Дегенмен менің ойымша, қазір тек Алматы қаласында ғана мыңнан астам бала ресейлік платформаларда білім алып жатыр. Ал республика бойынша олардың саны тіптен көп. Санап шығу мүмкін емес», – дейді ол.    

Айдана БЕГІМ