Тағы да телефон, тағы да шпаргалка
Тағы да телефон, тағы да шпаргалка
170
оқылды
Бұл жолғы емтиханда нау­рыз айында коро­навирус пан­демиясына байланысты өтпей қалған ақылы ҰБТ-ға тір­кел­ген­дер мен маусым айын­дағы ҰБТ-да нәтижесі жойыл­ған, тыйым салынған заттарды пай­­даланғаны үшін тесті­леуден шығарылғандар, сондай-ақ тесті­леуге бас­қа себепке бай­ланысты қатыса алмаған тү­лек­­­терге тест тапсы­ру мүм­кіндігі берілді. Құжат қабылдау 2020 жылдың 25 шілдесі мен 1 та­мызы аралығында жүргі­зілді. Ақтөбе облысы бойынша тес­ті­леу емтиханына қатысуға 933 адам өтініш білдіріп, соның 759 келді. Оның ішінде 67 адам емтиханға кірер алдын­да тыйым салынған заттарды (ұялы телефондар, шпаргал­калар, т.б.) өзімен алып кіргені үшін және 21 азамат емтихан кезінде тыйым салынған зат­тарды пайдалан­ғаны үшін тестілеуден шығарылды. Нә­ти­­жесінде, 671 адам тапсырып шыққан.